"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Петропавл қаласының ветеринарлық станциясы" КММ ветеринарлық дәрігерлері 2024 жылғы 28 қарашада "сүтті сиырлардың өсімін молайтуды басқарудағы ультрадыбыстың инновациялық әдістері"тақырыбындағы семинар-кеңеске белсенді қатысты. Аталған іс-шараны "Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС ІҚМ сүтті және аралас тұқымдарының республикалық палатасымен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға зоотехниктер, ветеринарлық дәрігерлер, ұрықтандыру техниктері және мал фермаларының менеджерлері қатысты. Семинардың тәжірбиелік бөлігі "Зенченко және К"СС-де өткізілді.
04.12.2024
Қаралым саны: 261
Қаралым саны: 261