"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы" КММ ветеринариялық дәрігерлері 2025 жылғы 29 мамырда халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын азаматтарға иттерді чиптеудің тегін қызметін жүзеге асырды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын азаматтар санаттарының толық тізбесі "тұрғын үй қатынастары туралы"ҚР Заңының 68-бабында айқындалған:
ҰОС ардагерлері. ҚР "Ардагерлер туралы" Заңының 4-бабына сәйкес оларға армия мен флоттың әскери қызметшілері, ҰОС кезіндегі партизандар мен жерасты қызметкерлері, сондай-ақ ҰОС кезінде алған жарақаты немесе контузиясы салдарынан мүгедектер жатады.
ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер. ҚР "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, бұл санатқа бірқатар адамдар кіреді, мысалы, ҰОС кезіндегі полктердің ұлдары, концлагерь тұтқындары, Қоршаудағы Ленинград тұрғындары немесе 1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюшылар.
Басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік қимылдарының ардагерлері. ҚР "Ардагерлер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес оларға Ауғанстандағы жауынгерлік қимылдарына, Ирак пен Таулы Қарабахтағы бітімгершілік операцияларға қатысушылар, тәжік-ауған шекарасын қорғауды күшейтуге қатысушылар жатады.
I және II топтағы мүгедектер.
Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар.
Ауыр созылмалы аурулары бар азаматтар.Мұндай аурулардың тізбесі ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен айқындалады және басқалармен қатар психикалық бұзылуларды, ОЖЖ зақымдануларын, бронх демікпесі мен қант диабетінің ауыр түрлерін, жүйке-бұлшықет дистрофияларын қамтиды.
Зейнеткерлер. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жасы бойынша зейнетке шыққан зейнеткерлер ғана жатады.
Жетім балалар. ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабының 6-тармағына сәйкес мұндай балалардың ХӘОТ мәртебесі 29 жасқа дейін сақталады, ал мерзімді әскери қызмет өткерген жағдайда 29 жасқа дейін армияда қызмет еткен жылдар қосылады.
Қандастар. "Халықтың көші-қоны туралы" ҚР Заңының 1-бабының 13-тармағы осы санатқа тарихи отанына оралған Қазақстан азаматтығы жоқ этникалық қазақтар жатады.
Экологиялық зілзала, табиғи апат немесе техногендік сипаттағы авария салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар. Көп балалы аналар, көп балалы отбасылар.
Көп балалы аналар "Алтын алқа", "Күміс алқа" наградаларымен, "Батыр ана" атағымен немесе"Ана даңқы"ордендерімен марапатталуы тиіс.
Мемлекеттік немесе қоғамдық борышты орындау кезінде қаза тапқандардың отбасылары. Бұған әскери борышты орындау, құқықтық тәртіпті сақтау, ғарыштық ұшуды орындау, өмірді құтқару кіреді. Толық емес отбасылар.
Қаралым саны: 30