Петропавл қаласының жеке аулаларында мал шаруашылығы саласын дамыту, мал шаруашылығы бағдарламасын жүргізу,аурулардың төмендеуі үздіксіз ветеринарлық қызмет көрсету сапасына байланысты№
Эпизоотикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сұрағын шешу жергілікті органдардың ветеринарлық қызметіне жатады. Ол «Солтүстік Қазақстан облысы ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының ветеринарлық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына жатады.
2021 жылғы 1 маусым жағдайы бойынша ветеринарлық мамандардың штаттық саны -3 адамды құрайды, ветеринарлық дәрігерлердің орта жасы 52 жасты құрайды.
2021 жылы эпизоотикалық шараға бюджеттен -5565 мың тенге бөлінген.
2021 жылғы 5 айында өте қауіпті және энзоотикалық аурулардың алдын алу және диогностика жануарлар басына 100 пайыз қамтамасыз етумен жүргізілді.
Туберкулезге қарсы тексеру:
ІҚМ-400 бас
ауру мал анықталған жоқ.
бруцеллезге қарсы тексеру:
ІҚМ-477 бас
ҰММ-856
ауру мал анықталған жоқ.
Серологиялық тексеру қортындысында бруцеллезбен ауыратын екі бас анықталып,олар «Казмясопродукт» ЖШС санитарлық союға тапсырылады.
Қала аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары бруцеллез және құтыру ауруларының жағдайы жақсы.
Сібір жарасына қарсы барлығы 1300 мал егілген
ІҚМ – 500 бас
ҰММ – 800 бас
Эмкарға қарсы екпе алған:
ІҚМ-450 бас
Іріңді дерматит:
ІҚМ -400 бас
Ағымдағы жылдың 5 айында бірдейлендірілді:
ІҚМ -205 бас
ҰМҚ- 640 бас
шошқа- 135 бас
ҚТҚ полигонында биологиялық қалдықтар мен ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының өлексесін жою үшін крематор пеші бар.
Сібір жарасын көму (мал өлексесін көму орыны):
Қала аумағында 1 сібір жарасы ауруын көметін бір орын тіркелген.
Қазіргі кезде сібір жарасы көмілген полигон қатты-тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) Мамлютка трассасының бойында тұр, «Петропавл қаласы кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ теңгерімінде тұр.
Қаңғырған иттерді және мысықтарды аулау:
2021 жылғы 1 маусымға 1463 қаңғырған жануар ауланып, оның ішінде 1449 бас ит және 14 бас мысық ауланды.
Ағымдағы жылы ветеринарлық қызметімен мемлекеттік қызмет көрсетілді:
«ветериналық анықтамам беру» -1530 дана
Соның ішінде нысан:
№ 1- 61 дана анықтама,
№ 2-1414 дана анықтама,
№ 3-55 дана анықтама.
Ақпараттық жұмыс:
Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес бұқаралық ақпаратта ветеринария сұрақтары бойынша 5 мақала ақпарат жарияланды.
Тапсырмалары:
1. жануарлар мен құстардың өте қауіпті ауруларына қарсы жоспарланған шараларды уақытында және сапалы өткізу.
2. ауыл шаруашылығы жануарларының төліне бірдейлендіру жүргізу.
3. сапалы мемлекеттік қызмет көрсету
4.Қала аумағына аса қауіпті жануарлар ауруын енгізбеу мақсатында бақылау жүргізу.
5. «Ветеринария» маманы бойынша жоғары және орта арнаулы білімі бар мамандарды жұмысқа тарту.
6. интернет- қоры әлеуметтік желілер (Facebook,Instagram) арқылы үнемі тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Петропавл қ. Ветеринарлық станциясының Директоры С.Қ.Байжанов
Қаралым саны: 290