Жаз мезгілі тазалық пен ретке келтіруге қолайлы уақыт болса, сенбіліктер ұжымды біріктіретін жақсы дәстүр. Сенбілік дегеннің не екенін ешкім түсіндірудің қажеті жоқ. Кеңес Одағынан бері күнделікті өмірде берік орныққан бұл сөз аумақтарды абаттандыру, ретке келтірумен байланысты. Сонау кеңестік дәуірден келе жатқан игі дәстүр бүгінде өзектілігін сақтап қалды. 2025 жылдың 13 маусымында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» КММ «Петропавл қаласының ветеринария станциясы» КММ қызметкерлері кәсіптік істерін былай қойғанда, бас қосып, Ярослава Гашек көшесінің бойымен Ж. Жабаев көшесінен М. Жұмабаевқа дейінгі аумақты ретке келтірді.
13.06.2025
Қаралым саны: 32
Қаралым саны: 32