«Үй жануарларын міндетті есепке алу мерзімі анықталды»

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап үй жануарларының иелері асыранды жануарларын есепке қоюы тиіс.

Тіркеу иелерінің есебінен жүргізіледі, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін бұл қызметті мемлекет төлейтін болады.

2022 жылғы 2 наурыздан бастап Қазақстанда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң күшіне енді, ол жануарларға қарау қағидаларын және оларға адамгершілікпен қарауды реттейді. Онда иелердің үй жануарларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігі, оларды қатыгездіктен қорғау көзделген. Сонымен қатар Заң иттердің өздігінен жүруіне тыйым салады.

Құрметті облыс тұрғындары! Егер сізде үй жануарлары болса, оны тіркеуді ұмытпаңыз. Үй жануарларын қайда есепке қоюға болады? Бұл ветеринариялық клиникалар, панажайлар, аулау қызметтері, питомниктер және оңалту орталықтары болуы мүмкін. Бүгінгі таңда облыста «TANBA» жануарларды есепке алудың ақпараттық жүйесі жұмыс істейді, онда сіз жеке кабинет ашып, үй жануарларын тіркей аласыз.

Үй жануарларын есепке қою туралы толық және қосымша ақпаратты tanba.kezekte.kz сайтынан табуға болады.

Онда жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелеріне қатысты құжаттар орналастырылған. Ақпарат t.me/tanbaqaz Telegram-чат арнасында да жарияланады.

        

 

16.11.2022
Қаралым саны: 265