Петропавл ветеринариялық станциясының ветеринарлары ветеринариялық ілеспе құжаттарды дайындау және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» дерекқорына («АШЖБ» дерекқоры) жүйесіне енгізу бойынша оқыту семинарына қатысты

2026 жылдың 21 қазанында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринариялық-санитариялық департаментінің мамандары ZOOM бейнеконференциясы арқылы аймақтың ветеринариялық станцияларының мамандары үшін оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты 2026 жылғы 23 қазанда Петропавл қаласында өтетін «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қарсаңында ветеринариялық ілеспе құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды түсіндіру болды. 
Семинар барысында Ветеринариялық анықтамаларды беру қағидаларының негізгі ережелері, оларды ресімдеу және беру тәртібі, құжаттардың белгіленген нысандарын дұрыс толтыруға қойылатын талаптар қаралды. Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен мал шаруашылығы өніміне берілетін № 2-1 үлгідегі ветеринариялық анықтамаларды ресімдеуге ерекше назар аударылды. 
Сонымен қатар вакцина егу туралы мәліметтерді «АШЖБ» дерекқорына енгізу мәселесі талқыланды. Мамандарға вакцина егу туралы деректерді уақтылы және дұрыс көрсету, енгізілетін ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету және мәліметтердің негізсіз қайталап енгізілуіне жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.  
Семинар қорытындысы бойынша ветеринариялық станция мамандарына ветеринариялық ілеспе құжаттарды ресімдеу кезінде белгіленген талаптарды сақтау, сондай-ақ деректерді «АШЖБ» дерекқорына дұрыс енгізу бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді.
29.10.2026
Қаралым саны: 2