Ветеринариялық станциясы туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының ветеринария станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың сәуір айында құрылған.
Кәсіпорын қызметінің мәні Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету болып табылады.
 
Кәсіпорынның фирмалық атауы мемлекеттік тілде: «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Петропавл қаласының ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 
Орыс тілінде: Коммунальное государственное учреждение «Ветеринарная станция города Петропавловска» коммунального государственного учреждения «Управление ветеринарии акимата Северо-Казахстанской области»
 
Кәсіпорынның орналасқан жері, инд. 150002, Петропавл қ., Жабаева, 304. тел. 8(7152) 50-21-45
Кәсіпорынның негізгі міндеттері мен қызметі
Кәсіпорын қызметінің пәні ветеринария саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.
 
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты Петропавл қаласының ветеринариялық-санитариялық салауаттылығын қамтамасыз ету болып табылады.
 
Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады: 
  • жануарлардың аса қауіпті және энзоотиялық жұқпалы емес ауруларына қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу;
  • жануарларды ұстау, уақытша ұстау және өлтіру;
  • ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету;
  • ветеринариялық есепке алуды және есептілікті жүргізу, қамтамасыз ету;
  • ветеринариялық анықтама беру;
  • ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасын жүргізу және одан үзінді беру;
  • биологиялық материалдың үлгілерін жинау және оларды ветеринариялық зертханаға жеткізу;
  • ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.
Ауру жануарларды санитарлық союға тасымалдау бойынша қызмет көрсету.
Ветеринариялық паспортты беру
Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы ақпаратты жаңарту (түзету) жүргізу

Мақаланы құрған күні 18.03.2021 11:52

Мақаланы жаңартқан күні 29.08.2025 11:41